қымыз ашытуға арнап жылқының, сиырдың терісінен жасалған ыдыс. Сабаны жасау үшін әуелі теріні жидітеді, содан кейін жүнінен ажыратылған шикі тері әуелі құрымға салынып, одан соң пішіледі де, оны шуда жіппен тігіп, ішіне құм толтырады. Кепкеннен соң құмы төгіліп, іші арша, қайың, тобылғы, ырғай түтінімен ысталады. Сабаның түп жағы бұрышты кең болып, мойнына қарай жіңішкеріп, кеңдігі піспек сиярлықтай ғана болады.