САБАНТОЙ

lat: SABANTOI

зат.этн. Егінді орып, бастырып болғаннан кейін өткізілетін той-мереке, қызық думан.

Сабантой мейрамы 20 ғасырдың 90-жылдарынан бастап Татарстан Республикасында мемлекеттік деңгейде аталып өтіледі (ҚҰЭ).

Әдеті Дағыстанның болған салты,

Жылында егіннен соң барлық халқы,

Жиналып бір тамаша өткізеді,

«Сабантой» аталатын мұның аты (И.Байзақов, Құралай.).