lat: SABAQ
зат. пед. Білім беру, оқыту мақсатында оқу орындарында өтілетін пән, сол пән арқылы оқушылар мен студенттерге берілетін білім.
Шұрқырасып сабақтан тарағанда,
Ішімізді аш тазы жалағанда,
Өкпемізді қолға алып жетуші едік,
Ашық тұрса аңқайып қара қамба (3,242).
Өсесіңдер – білесіңдер. Сабақтарыңды жақсы оқысаңдар, еңбек ешқайда қашпайды, естеріңде болсын (4,110).