lat: SABAQ
(пар. сабақ سبق) – оқу.
Ұстазым – Молда Қамар – сабақ алған, Көңілім әлһам нұрын тәңірім салған («Ереймен сапары». М.Жүсіп, І-том, 2003).
Бибі, жібер сабаққа шәкіртімді, Ұстатымын, ренжітпе, жаным, мені («Қисса қожа Ғаффан». Бабалар сөзі. 20-том. 2005. 100 томдық).
Көрген адам балаға аң-таң қалды, “Бисмилла” деп молдадан сабақ алды («Қисса қожа Ғаффан». Бабалар сөзі. 20-том. 2005. 100 томдық).
Сабақтас – сыныптас.
Жолдаслары сабақты оқи жүрсін, Менің балам сабақтас бола алмайды («Қисса қожа Ғаффан». Бабалар сөзі. 20-том. 2005. 100 томдық).