САБЫЛ

lat: SABYL

ет. 1. Әуре-сарсаңға түсу, сандалу.

Махаббат түсінбеді, аулақтады,

Арманым кетті мені алдап тағы.

Сая іздеп құр бекерге сабылыппын,

Табыныппын сағымға ар жақтағы (2,169).

2. Көп мінілгендіктен көліктің болдыруы, титықтауы.

Аспан мен тау қара кебін жамылып,

Үрей ұшты, құбыжықтар жабылып.

Біз келеміз аңырып та жабығып,

Өлі, тірі аруақтарға табынып.

Аттарда да дәрмен қалмай барады,

Бір биіктен бір биікке сабылып (3,116).

Көшін тартып, көше-көше сабылып,

Көш бастаушы бағытынан жаңылып.

Біздің таулар тоқтап қалған керуен,

Сахараның сағымына аңырып (1,229).