САБЫН

lat: SABYN

(ар. сабун صابون) денені немесе кірді жууға арналған суда көпіріп еритін жұмсақ зат.

Арақ сабын иіс сабын.

Маған арақ сабын мен иіс су беріп суға шомылуға жіберген өзі ғой, деп таңлауға кетіп барады («Болат, Жанат». Бабалар сөзі. 6-том. 2004. 100 томдық).

Ана суға шомылып парбозданып кел, деп бір бөлек арақ сабын мен иіс су беріп досын суға айдап жіберді («Болат, Жанат». Бабалар сөзі. 6-том. 2004. 100 томдық).

Жұпар сабын иіс сабын.

Әтір май, жұпар сабын , иісті май бар, Алсаңыз шеттік, ноқа бетке қадап («Сыршы молда». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).