lat: SABYR
(ар. сабр صبر) – шыдам, төзім.
Ажар, көрік, хұсни пиғыл, тәтті лебіз, Сыйдырған сабыр пиғыл сіздің бойға («Қисса Ләйлі – Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).
Айуб нәби бәлеге сабыр қалған, Алланың қылған ісін мойынға алмақ («Қисса уақиға Кербала үшбу-дүр». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).
Бұл іске сабыр етіп Сина ғалым, Ғалидың қамқорға алып ауыр халін («Әбуғалисина, Әбілхарис». Дастандар, 1990).
Сабыр әйлау – сабыр сақтау.
Көзінің жасын сүртіп орамалмен, Бәлеге сабыр әйла дейді, қазаға риза («Қисса үш қыз». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).
Ей халқым сабыр әйләп тоқтап тұрың, Ажалы қан Алыптың бүгін жеткен(«Қобыланды батыр» (Сәдуақас Ділманов нұсқасы). Бабалар сөзі. 37-том. 2006. 100 томдық).
Сабыр-қарар – шыдам-төзім.
Патша қапа болады, Қалмады сабыр-қарары («Гүлнәр қыз». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).
Соны көріп Ғалаттың, Қалмады сабыр-қарары («Гүлнәр қыз». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).
Тұла бойым дірілдеп, Қалмады сабыр-қарарым («Гүлнәр қыз». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).
Сабыр-тақыт – шыдам-тағат.
Толғақ та қысып жиілеп, Сабыр-тақат қалмады («Қисса Шеризат – Күлшат». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).