САДАҚ

lat: SADAQ

зат.көне.этн. Тобылғы, үйеңкі т.б. ағаш шыбықтарынан доғаша иіп, екі ұшын қайыспен керіп жасаған жебе атуға арналған қол қаруы.

Садақты мезолит дәуірінен 20 ғасырға дейін дүние жүзінің халықтары көп пайдаланған. Қарапайым садақты тобылғы, үйеңкі, т.б. ағаш шыбықтарынан доғаша иіп, екі ұшын қайыспен бойлап жасайды (Қаз. тілі термин. Әскери.).

Садақты тас дәуірінен 20 ғасырға дейін дүниежүзінің барлық халықтары пайдаланған. Ерте кезде аң аулауда, кейін соғыс ісінде қолданылған (ҚҰЭ).

Ести сала садағын қолына алды,

Мамырдан аулақ жүр деп айғай салды.

Ұялмай жүзіқараның жүргенін деп,

Аямай дәл жүректен атып қалды (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Қазақ халқы… тас, аяқ, сойыл, шоқпар, су, түтін, тор, тұзақ, ау, қақпан, ат, ит, құс, садақ, мылтық сияқты қару-жарақпен аң аулай білетін, осы қаружарақтың бәрін немесе бірнеше түрін пайдаланып, аң аулаған адамды аңкөс адам деп таниды (Қыран).