Жебе атуға арналып, ағаштан иіп жасаған қол қаруы. Қарапайым садақты тобылғы, үйеңкі т.б. қатты ағаш шыбықтарын доғаша иіп, екі ұшын қайыспен керіп жасайды. Күрделі садақтың сыртқы бетіне сіңір тартылып, ішкі жағы мүйізбен қапталады, кейде ортасы мен екі шетіне сүйек бастырма қағылады.