САХНА

lat: SAHNA

зат. 1. Театрдағы драматургиялық қойылым көрсетілетін, ойын-сауық өтетін орын.


 Жарық сөнеді. Сахнада алакөлеңке бейуақыт (4,203).


Сахнада Айбар. Қаламын үстелге қойып, жазылған шумақтарды алып, оқи бастады (4,243).


2 . ауыс. Бір құбылыстың немесе оқиғаның көрініс тапқан орны, болған жері.


Есімде ессіз менің бала шағым,

Болмасқа әжемменен таласамын.

Қиыры жоқ, даланың сахнасында,

Сағым болып ойнайтын болашағым (1,157).


Өрекпіп бұлттар өткенде сахна даладан,

Сақтан деп аспан соққанда дойыр барабан,

Бұғынушы едік бәріміз бірге паналап,

Балапанға ұсап ұямыз бір түп қараған (2,29).