САХНА

lat: SAHNA

р.] з а т. 1. ө н е р. Театрдағы ойын-сауық, драматургиялық қойылым көрсетілетін орын. Әміре шығады дегенде, жиылған жұрт қол соғып, с а х н а ғ а құрметпен шақырып алып отырады (И.Байзақов, Шығ.). Клубтағы лық толған халық ду қол шапалақтап, мені с а х н а ғ а қайта-қайта шақырды (С.Омаров, Өмір.). Осында ойын болады дегенді естіп едім, с а х н а д а ешкім болмаған соң, білдірмей еніп кеттім (Қ.Ыдырысов, Ойлап тап). 2. а у ы с. Бір құбылыстың, оқиғаның немесе нысандардың көрініс тапқан орны, кеңістігі. Газиктер жайлаудың   с а х н а с ы н бай Жаңғыртып дөңнен өріп, Қыздардың үкілі тақиясындай Дүние дөңгеленіп (Т.Айбергенов, Мен саған.). Жарайды, кешір бізді, Ақан-аға, - Қайта шық тарих атты с а х н а ғ а, Ел болды сол қазағың, кісі болды, Әйтпесе, жақсыларын шақыра ма? (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). Махаббаттың мадақтап ашық күнін, Күйлеріне түсірді ғашық тілін. Ғасырларды шығарды с а х н а ғ а, Ұмыттырып араның қашықтығын (С.Мәуленов, Алыс кет.).