lat: SAILAÝ
Сайла етістігінің қимыл атауы.
Мен қаладан осында ауылнай сайлауға жіберілген кісімін (Ж.Тәшенов, Қаратас).
1907- нші жылы 3-нші июньде Екінші Дума қуылып, енді келер думаларды сайлауға «3 июнь законы» шықты. Бұл закон бойынша, бүтін қазақ халқы депутатсыз қалды. Қазақ халқы надан думада депутаттық бұған қол емес дейді (М.Дулатов, Шығ.).