мақсаты мен нәтижесі белгілі бір уақытқа басқару және шешім қабылдау қызметтерін жүзеге асыратын адамдарды сайлау жолындағы іс-әрекеттің жиынтығы. Сайлау басқарушы элита құрамына үміткерді жай іріктеу ғана емес, өте маңызды даму жолын анықтайтын саяси үрдіс болып табылады. Сайлау саяси жүйе қызметі ауқымында қарастырылуы керек. Ашық саяси жүйе төменнен ұсынылған талап-тілектерге жоғары деңгейдегі икемділігімен ерекшеленеді. Ашық және таза сайлау өткізудің маңызды, шешуші алғышарты сайлау үрдісі барысында қоғамдық сенімнің қалыптасуы. Ал, жабық қоғамға кез келген бастама мен ұжымдық іс-әрекеттерге қатысты нәубеттік іс-шаралар ұйымдастыру тән. Мұндай жағдайда сайлау мен партиялар жұмылдырушылық қызметін орындайды. Сайлауды ұйымдастыруға байланысты әлем елдері сайлау бәсекелестікке негізделген елдер; сайлау жартылай бәсекелестікке негізделген елдер; сайлау бәсекелессіз өтетін елдер деп жіктеледі.