lat: SAILAÝ
сайлау процесінің ажырамайтын бөлігі және кезеңі, қауымдастық мүшелері мен өкілдерінің дауыс беруі арқылы бір адамды белгілі бір орынға немесе лауазымға таңдау рәсімі.
Барлық мемлекеттер мен азаматтар бірдей қолданатын сайлау рәсімі жоқ.
Ұлттық егемендік жағдайында басқару құқығы кезеңді және нақты сайлауда халық қалауына негізделуі тиіс.
Халық қалауын мынадай факторлар анықтайды: жалпыға бірдей және тең сайлау құқығы; тікелей немесе еркін сайланған өкілдер арқылы елді басқаруға қатысу құқығы; өз елінде мемлекеттік қызметке тұрудың тең құқығы.