САЙЛАУШЫЛАР МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ

lat: SAILAÝSHYLAR MİNEZ-QULQY

сайлаушылардың белгілі бір үміткерге сенім көрсету, қолдау жолындағы іс-әрекеті. Саяси ғылымда сайлаушылар мінез-құлқын зерттеуде келесі бағыттар қалыптасқан: социологиялық, әлеуметтік-психологиялық және тиімді таңдау, экологиялық. Сайлау нәтижесін болжау мақсатында зерттеушілер социологиялық зерттеулерді кеңінен пайдаланады. Социологиялық зерттеулер сайлаушылардың мінез-құлқына, оған ықпал ететін факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Сайлаушылар мінез-құлқын социологиялық зерттеу арқылы, сайлаушылар жасаған таңдау әлеуметтік мәртебесі негізінде түсіндіріледі. Әлеуметтік мәртебе білімі, кәсібі, кіріс деңгейі негізінде анықталады.