САЙҚАЛ

lat: SAIQAL

сын. 1. Әзәзіл, сиқыр, сұрқия.

Қара мына құрбан болған, құмар-құйқыл сойқанды,

Осы үшін де Сихей көрі масқара боп шайқалды.

Таны, мынау Клеопатра күнәліні, сайқалды (5,27).

Ақылыңыз болса, кетпейсіз бе балаңызға. Тоқанның сайқал қызының қызылына жығылмай (4,161).

2. Жеңіл жүрісті, жүргіш (әйел).

Зинақорлық, опасыздық барлығы да тән маған,

Сайқалдармен сайран салып, сүйіп, сезім арнағам (3,313).

3. ауыс. Қу, айлакер.

Сайқалды соға алмаса құмай тазы,

Құм қылып жігеріңді, мұңайтады.

Көзді арбап, қызықтырған бұл фәниді,

Түлкі деп бұрынғылар шын айтады (3,147).