САЙҚАЛ

lat: SAIQAL

сын. Алдамшы, әзезіл, жалған, сиқыр.

Құлағымнан әдемі келіншектің сайқал күлкісі кетпейді ызыңдап (О.Бөкеев, Үркер).

Мәлібектің әлгі сайқал сұрағы жанына іштегі жатқан қорғасын оқтан бетер батты (М.Дүйсенов, Мейман.).

Әркімнің мақсаты өз керегінде,

Біле алмадым пысығын, зерегін де.

Саяз жүзер, сайқалдар ғапыл қалар,

Хақиқат та, дін дағы тереңінде (Абай, Тол. жин.).

// Жеңіл жүріске салынған, жүргіш әйел.

Жастай қосылған қосағым орта жастан асқанда бір сайқалды құшақтап жатқанын көріп, жарылып кете жаздадым әуелгі кезде (З.Ақышев, Ақбел.).

Әлгі Жәмила сайқалдың қылығы жанымды жегідей жеп барады (Ә.Нәбиев, Шолпан).