САЙЫН

lat: SAIYN

сын. 1. Кең-байтақ, ұлан-ғайыр.

Еуразия материгінің Қытайдағы Хуанхэ өзенінен Жерорта теңізіне дейінгі аралығындағы сайын дала адамзаттың бүкіл тарихында Шығыс пен Батысты байланыстырып тұрған көпір ғана емес, исі түркі далалықтардың алтын бесігі еді (Қаз. дала. ойшыл.).

«Ал қимылда?» десіп, бірін-бірі қуып, сайын далада салды аударыспақты (Ж.Аймауытов, Шығ.).

2. ауыс. Кең, дауысы зор, үнді деген мағынада.

Менің жаным мейірімге құмар тым,

Достарым көп шалқар көңіл, сайын үн.

Жез шығатын жерден шыққан бір алтын

Жымиысын жиямын деп байыдым (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).

Сайынға шапты. Думанды, дүбірлі жарысқа түсті деген мағынада.

Шабаны жүйрік тұлпар боп,

Сайынға шауып шаңдатты (Дулат Бабатайұлы, Замана.).