САЙЫН

lat: SAIYN

шыл. Істің дүркіндік созылыңқылығын білдіретін шылау сөз.

Еділ жағалауынан алыстаған сайын туған елдің қадірін терең түсіне білгендей (Қаз. дала. ойшыл.).

Ескендір елде алмаған хан қоймады,

Алған сайын көңілі бір тоймады.

Араны барған сайын қатты ашылып,

Жердің жүзін алуға ой ойлады… (Абай, Тол. жин.).

Атты әскерлері неғұрлым ішкері қарай жылжыған сайын, соғұрлым жоңғарлардың жеңістері де қиынға түсе бастады (Ә.Әлімжанов, Шығ.).