lat: SALÝ
Сал етістігінің қимыл атауы.Қандай да бір құрылысты (үй, кӨпір, жол) тұрғызу.
Орталық Қазақстандағы ірі ауыр өнеркәсіптің барлық салаларын техникалық сумен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Ғылым академиясының ғалымдары Ертіс – Орталық Қазақстан каналын салудың схемасын жасады (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.).
Біздің пікіріміз бойынша, Қаратауда жылына бір миллион тонна фторсыз балқытылған фосфаттар өндіретін еліміздегі тұңғыш циклонды заводты жобалап, салуға дереу кірісу керек (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.).
Сырға тұнған қой көзі шоқтай жанып,
Көкірегі алапат отқа айналып,
Тағдырынан алғандай дұрыс өкім,
Сосын көпір салуға кірісетін (М.Шаханов, Ғасырлар.).
Ау салу. кәс. Балық аулау үшін тор құру, суға ау тастау.
Бұрын еспелі қайықпен ау салушы едік (Қ.Айтазин, Кәсіби лексика).
Өрнек салу. Әшекейлеу, оюлау, нақыштау.
Жарық алып сықсима шам отынан,
Бұл кілемді анам жылдар тоқыған.
Білмесе де әліпті
Өзі таяқ деп,
Өрнек салу
Өнерін ол оқыған (С.Мәуленов, Алып кет.).