САЛ

lat: SAL

(пар. сал سل) судан жүзіп өту үшін бір-біріне қосақтап байлаған бөрене ағаштар.

Жабылып бәріміз де сал байлайық, Жолықтым бұл арада енді сізге («Қисса Баһрам». Бабалар сөзі. 20-том. 2005. 100 томдық).

Түсемін мен де бірге бұл теңізге, Сал байлап, бәрі түсті бұл теңізге («Қисса Баһрам». Бабалар сөзі. 20-том. 2005. 100 томдық).

Жат берді Зарлық хан, Толқын соққан салдай боп («Мұңлық-Зарлық». Ғашықнаме, 1976).