lat: SALDANÝ
Салдан етістігінің қимыл атауы.
Туберкүлез құнысына шалдыққан адамның аяқ-қолы және бөксесі салдануы мүмкін (М.Исабаев, Мед. анықтама.).
Ал парез (грек. paresis – әлсіреу) кезінде органдардың қимыл- қозғалысы толықтай жойылмайды, сондықтан бұл жағдайды жартылай салдану деп атайды (ҚҰЭ).
Толықтай және жартылай салдану организмде қан айналымының бұзылуынан, ми мен жұлынның қабынуынан не жарақатынан болса, оны орталық салдану; шеткі жүйке жүйесінің немесе жұлынның және шоғырланған жүйке талшықтарының (мойын, иық, беломыртқа, сегізкөз) қабынуынан, жарақатынан, улануынан болса, оны перифериялық салдану деп атайды (ҚҰЭ).