САЛҚЫН

lat: SALQYN /35/

сын. 1 . Суық, ызғарлы.


Күздің салқын күні батты,

Күрең тартты жер беті.

Тауларда еркеш бұлттар жатты,

Құдды қыстың келбеті (1,12).


Сірә әкелері жұмыстан жаңа келген болу керек, үй іші салқын (4,191).


2 . Жанға жайлы, қоңыр салқын; ыстық емес.


Салқын жайлау, самал жел, саумал бұлақ,

Жатыр ма екен көпіршіп, таудан құлап?

Биыл жазда тағы да көгере ме,

Былтыр күзде қуарып қалған құрақ? (2,121).


Көшсем деген салқынмен таң атарда,

Жүгін артпай әлі отыр сары атанға.

Қос қарлығаш тынымсыз жем тасуда,

Ұядағы тойымсыз балапанға (2,193).


3 . ауыс. Жан жылуы жоқ; ұнатпаған, жақтырмаған (кейіп).


Ол әріптестерімнің маған деген салқын қарым-қатынасынан сезіліп тұратын (5,227).


Тамаша қалай өтті, әже, жұрт көп болды ма? деп көріп еді, оған да әжей салқын , доғал жауап берді (4,158).