lat: SALTANAT
зат. 1 . Барлық пен байлықтың әдемі үйлесімі; сәулетті де сәнді өмір (тіршілік).
Қала болған! Өткізген салтанатын.
(Жәйім жоқ болмады деп жалтаратын).
Ауғаннан, Египеттен, Ираннан кеп.
Зергерлер тасты қашап, мал табатын (1,225).
Сені де жұтқан көне жер,
Сан рет әлі көгерер.
Салтанатқа әлі бөленер,
Бірақ та маған не берер? (3,167).
2 . Қуаныш, той-думан, мереке.
Су аяғы құрдым ғой ой дегенің,
Қалай ғана құрдымға бой беремін!?
Сүйкімдіңе сүйікті бол, сүйісе бер,
Сүйкімдің де дәл өзіңдей сүйсе егер.
Жастық дейтін – ән, салтанат , күй-шебер,
Жаратпайды ол жаман саусақ тисе егер! (4,203).
Әлі талай алдымда салтанат бар,
Әлі талай алдымда той көремін (2,373).