САЛЫҚ

lat: SALYQ

зат.экон. Жеке адам мен кәсіпорындардан міндетті түрде алынатын мемлекеттік алым.

Салық мөлшері мен төлеу мерзімі заңмен белгіленеді. Негізгі екі міндетті атқарады, олар: біріншіден, салық салу мақсатына қарай мемлекеттің кәсіпорындармен және азаматтармен (соның ішінде шетелдік) өзара қарым- қатынасын реттейтін экономикалық тұтқа, екіншіден, бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру мен толықтырудың негізгі көзі (ҚҰЭ).

Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады (ҚР Конституциясы).

Бұл маған не қылғаның, жаратқаным,

Бір шалға үйлі жанды қаратқаның?

Төлермін салық ақша қайдан тауып,

Қажетім бірін сай ғып та жаратпадың? (А.Байтұрсынов, Шығ.).