САЛЫҚ

lat: SALYQ

ет.көне. 1. Шаршау, зорығу, әбден титықтау.

Жаз жайлауы Басқұдыққа ұлы бесінде салығып жетті (З.Шүкіров, Ізгілік.).

Жүре-жүре жалықты, Мінген аты салықты (Ы.Шөреков, Исатай-Махамбет).

Үзіліссіз ұрыста адамдарымызсалығып та кеткен болатын («Қаз. әдеб.»).

2. Талықсу.

Салыққан Әсия бірден ұйықтап кетті (М.Мағауин, Көк кептер).

3. Ұйып қалу.

Ол ...ескекке жабысып қалған аяғын жазып, салыққан иығын қозғап, маңдайының терін сүртіп әлі де біраз жатты (Ә.Сараев, Ақ тымық түн).