САМ

lat: SAM

[ар. ] зат. Кешкі шам жағылар кез; ымырт, алагеуім, бейуақ.

Тоқан алагеуімде, біреуді біреу көрер шақта, сам біліне қайта көтерілген (Қ.Құттыбаев, Оның ұрпағы).

Сам жамырады. Ымырт түсіп, қараңғы қоюлана бастады, қара көлеңкеленді. Сам жамырап ел орынға отырған кезде, орыстар бастығының ақырып қалған даусымен қаздай шұбырып, асудың тар аузына қарай арқандай созылды (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Сам жамырап, келеді құлап іңір,

Мен ойлаймын ананымынаны бір. ...

Алыста, Абайлардың жайлауында,

Жайылып поэзия пырағы жүр (М.Мақатаев, Шығ.).