САМБО

lat: SAMBO

зат. спорт. Сайыста неше түрлі арнайы тәсілдер қолданатын спорт түрі.

Самбо күресінде палуандар арнайы белдікті шапан киеді, күрес кезінде белдіктен, жеңнен, шапанның кез келген жерінен, сондай-ақ қол мен аяқтан ұстап, әдіс қолдануға болады (ҚҰЭ).

Жасақшылардың жаттығуында шайқас әдістерін, самбо тәсілдерін біраз игеріп қалған (Ө.Қанахин, Бақыт.).