lat: SAN
зат. анат. Адам мен жан-жануарлар аяғының тізеден жоғарғы бөлігі.
Қадалуда саныма сансыз ғажап әлі ине.
Жан жұбатар дос та жоқ, жауым да жоқ, әрине.
Айналайын дәрігер, аман-есен айықсам,
Бүкіл елімді аралап, сәлем берем әр үйге (3,74).
Аяқ жақты бағдарлап, басын санға соғады,
Жалбыр жүнге жармасып, көтерілді жоғары,
Өткен жолға қайтадан баратқандай болады (5,163).