САНА

lat: SANA

е т. 1. Ақшаны т.б. заттарды есептеу, есебін шығару.

Көбі майда ақша екен,ары санап, бері санап, жүз жиырма бес сомнан асыра алмады (А.Оразалин, Қайырлы.).

Сарайдан барып мың ділдәні санап ал, бірақ төрт жылдан төрт күн кешікпейтін бол, деді (С.Сауытбеков, Аютас).

// Сандық жүйені меңгеру.

Шақырмаушы еді ол текке,

Жүгіру керек мектепке.

Жарыта алмай жүр жалқау ұл,

Санап та,

Жіктеп,

Септеп те! (Қ.Мырзалиев,Мәңгімайдан).

// Мән беру, қарау.

Алдына кеп айнаның

Әжім санап жасыма.

Қалдым деме байланып

Қазан-ошақ басына (Қ.Мырзалиев,Мәңгі майдан).

2. Тізбектеп айту,тізіп шығу.

Үнімен қоңыр назды домбыраның

Мен саған мамыр сазды ән құрадым.

Санасам, борышым көп, барлығын да

Келер күн үлесіне қалдырамын (М.Шаханов, Ғасырлар.).

Мен риза құрбандыққа шалсаң, жұртым,

Кінәм көп,тауса алман бәрін санап.

Сол шақта

Түлкі тұрып сөз айтады,

Патшаға жарамсақтап, тез айтады (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Сырын

Бұл әннің айтып қарайын

Түрін

Сипаттап, тізіп санайын,

Өлең тап ойланып:

Буыны сегіз, алтауы егіз,

Үшеу деңіз екеуі (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

3. Санын анықтау.

Жүрді тегіс санақ,

Малды болды санап.

Мүйізді қара мың, қой саны он мың (И.Шұғаев, Найза).

4. ауыс. Белгілі бір пікірге келу, ұйғару, есептеу.

Жер бетіне жаңа қазық қададың,

Әр таңыңды бақыт нұры санадым.

Отанымды шапағатқа малшындыр,

Жаңағасыр, құтты болсын қадамың! (К.Салықов,Жезкиік).

Өкінем, өткен іске жоқты қарап,

Отырам, орны болса барға санап.

Әрине, еткен талап, ойлаған ой,

Тұрса екен лайықты жарап ал ақын, Өлеңд.).

Жолдастыққа санама

Тілегі жаман арамды.

Жолдасы болсаң жаманен

Ұлғайтар жүрек жараңды азар жырау,Шығ.).

5. ауыс. Есепке алу.

Ажарға жаман адам қарамайды, істерді келген, кеткен санамайды,

Басыңа іс түскенде жаман досың,

Беруге ат құйрығын жарамайды ал ақын, Өлеңд.).

Ар санады.

Арланды, ұят көрді.

Бәлкім, сен бұны а р санап,

Жоғалдың мойын бұрғызбай.

Ымыртта тауды тасалап,

Арқамнан аққан жұлдыздай (Т.Айбергенов, Мен саған.).

Артық санады.

Артық деп есептеді.

Басқа өзеннің артық санап ағынын,

Басқа таудың мадақтайсың жауынын.

Өз жеріңді күнде көріп жүрген соң,

Мүмкін оның білмеуің де қадірін (С.Мәуленов, Алыс кет.).