Адам психикасының ең жоғарғы сатысы және болмыстың осы Сана арқылы күрделі түрде бейнеленуі. Адамның Саналы әрекеті табиғат пен айналадағы нөрселерге ықпал етіп, еңбек әрекеті арқылы өзінің негізгі қажеттілігі мен мұқтажын қанағаттандырады. Сана деп шынайы дүниенің бейнесі ретінде, тек адамға ғана тән және олардың еңбек ету үрдісінде дамитын психиканың жоғары формасын атайды. Сана психика дамуының ең жоғарғы сатысы, материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті. Сана ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген бейнесі. Сана— психиканың адамға ғана тән ең жоғары сатысы, объекгивтік болмыстың адам миындағы бейнесі. Бейнелеу теориясы негізінде адам дүниетанымының пайымдау мен сезіп білуден абстрактілі ойлауға, одан тәжірибеге көшіп отыруы — ақиқатты, объективтік шындықты танып білудің үнемі дамып, күрделеніп отыратын диалектикалық жолы. Барлық дерлік психикалык үрдістер өзара байланысты болғандықтан Сана біртұтас құбылыс деп саналады. Адам санасының өрістеуі мен жетілуі білімді меңгеріп, оны дамыту, өзінің практикалық іс-тәжірибелерін өрістету арқылы белгілі жүйемен зерттеліп отырады. Адам Сананың. дамып жетілуі ұзақ дәуірде эволюциялық жолмен дамып қалыптасқан тарихи үрдіс. Сананың қоғамдық сипаты мен дара адамның санасы жекелеп іздестіріледі. Сана әлеуметтік дамумен, еңбек үрдісінің жетілуіне тығыз байланысты. Экономикалық (өндірістік) қатынастарының өзгеруіне ілесе, адамның санасы да өзгереді. Сананың дамуы сыртқы ортадан тәуелді болып отырады дейтін түсінікті ғылымда детерминистік принцип деп аталды. Объективті себептіліктің зандылықтарымен нәрселердің шығу тегін түсіндіретін принцип. Себептілік дүниенің затгары мен құбылыстарының өзара байланыстарының шексіз тізбегін, жан-жақты өзара әрекетті сипаттайды. Адам табиғаттың туындысы, ондағы себептіліктің жемісі. Ол дүниенің сырларын біртіндеп ашып, оны шама- шарқынша өзгертіп отыратын белсенді түлға. Адам сыртқы дүниемен байланыса отыра, оны біртіндеп тани береді, сөйтіп өзінің санасын дамытады, оның ешбір рухани қасиеті туыстан ғана пайда болмайды. Болмыс пен шындықтың бейнесін адам тіл арқылы, сөйлеуі арқылы бейнелеп, оның мән-жайын танып біледі. Сана— әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі адамның рухани белсенділігінің ең жоғары деңгейі. Бұл белсенділікке тән ерекшелік — шындық болмысты сезімдік және ойша бейнелер нысанында бейнелеу адамның практикалық іс-әрекетінен бұрын болады жэне осы іс-әрекетке мақсатқа лайықтылық сипат береді. Объективтік дүние, адамға әсер етіп, елестетулер, түсінулер, ойлар және сана мазмұнын құрайтын басқа да рухани феномендер түрінде бейнеленеді және мәдениет өнімдерінде таңбаланады. Психологияда Сана өзін қоршаған болмыстан ерекшелейтін, бұл болмысты мақсаткерлік іс-әрекеттің реттеушісі қызметін атқаратын психикалық бейнелер нысанында бейнелейтін субъектінің психикалық өмірінің ұйымдастырылуының ерекше, жоғары деңгейі деп ұғындырылады.