lat: SANASYZ
сын. 1. Санасы кем, ақылсыз,ойсыз; ақымақ.
Саналы адам сағыңды сындырмас, санасыз адам жағыңды тындырмас(Мақал).
Қайтпас-уақыт,
Қал дәмін татып,
Бос өткізбе, еркелеп!
Жастық деген – бағасыз,
Қадірін білмес санасыз (М.Жұмабаев, Шығ.).
Пайдасыз ақыл – байлаусыз тақыл.
Атадан балаойы өзге. Санасыз, ойсыз жарымес,
Өз ойындаар емес (Абай, Тол. жин.).
2. Мән-мағынасыз,мазмұнсыз.
Бір жылға тең боп бір күнің,
Санасыз, ойсыз мас қылдың.
Мінезін бермей түлкінің,
Жүрегін бердің қасқырдың (М.Мақатаев,Шығ.).
// Еш нәрсені ойға алмастан, беталды.
Саңғырық тамбас сар тастан құйрық көтеріп,
Сабамай қанат, санасыз төмен ырғыды (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).
3.ауыс. Көзсіз жауыз.
Құлағына екі ұлының даусы жетті шыңғырған,
Санасыз жау шарасызға неге мұнша өшікті?(М.Шаханов, Ғасырлар.).