САНАСЫЗ

lat: SANASYZ

Санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарылатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздық, субъект өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын психикалык үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалык бейнелеудің формасы. Санасыздың санадан айырмашылығы: санасыздықты ырыкты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актіде іске асады (мысалы, түс көруде). Санасыздық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде): ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздык жағдайда көрініс береді. Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекетгеніп 3. Фрейдсанасыздықты динамикалық ығыстыру” терминін ғылымға енгізді. Ол санасыздықта әлеуметгік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойлықпен құштарлықгар болады деп түсінген. Психологаяда санасыздықты зертгеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.