САНАСЫЗДЫҚ

lat: SANASYZDYQ

зат. Санасы кемдік,ақылсыздық, ақымақтық.

Санамызда белгілі себебі жоқ хиуадан тұратын құбылыстарды «санасыздық» дүниесі деп ат қойған. Жан дүниемізде «санасыздықтың» маңызы зор. Осы«санасыздық» деп отырғанымыз біздің нағыз «мен» дейтініміз (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Одан есе дәмету, теңдік сұрау қашқын атанған Бақтығұлға санасыздық сияқты (М.Әуезов,Қараш.).

Ұят екенін сонда барып байқады,өзінің өрескел санасыздығына өкінді (Ж.Нәжімеденов, Кішкентай).