САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ШАРАЛАР

lat: SANITARLYQ-GIGIENALYQ SHARALAR

медициналық қамтамасыз етудің құрамды бөлігі: әскери қызметкерлер мен олардың ұрысқа қабілеттілігін сақтауға бағытталған ұйымдық, техникалық, шаруашылық, медициналық және т.б. шаралардың кешені. Әскери еңбектің сипаты мен жағдайы, жеке құрамның тұрмысы, оның физикалық дамуы, жалпы кәсіби, жұқпалы ауру-сырқаттары негізінде жүзеге асырылады.