САПЕРЛІК

lat: SAPERLİK

сын. Саперге тән, сапер жұмысымен айналысатын.

Ішімнен саперлік еңбектің ауыр салмағын қанша есептесем де, өлшем таба алмаймын (С.Нұрмағанбетов,Жауынгер.).

Аға сержант Алдаберген Шакеев бастаған саперлік топтан әлі ақпар жоқ (Ә.Сәрсенбаев, Батыр.).

Саперлік бөлімшелер. ә с к. Ұрыс даласында мотоатқыштар, танк және артиллерия бөлімшелерінің ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге арналған инженерлік әскери бөлімшелер.Саперлік бөлімшелердің міндеттері:инженерлік барлау жүргізеді; басқару пункттерін жабдықтайды; миналы даладан өткел жол жасайды және оны минадан тазартады (Қаз. тілітермин. Әскери.).