lat: SAQAL
зат. 1 . Еркек адамның иегі мен жағына шыққан шаш.
Сақалы да аппақ, мұрт ыда аппақ, бәрі аппақ,
Мектептен шығып, жіңішке судан әрі аттап,
Жылқыбай қартқа жететін еді жетімдер,
Өзегі талып, аш лақтардай жалақтап (3,162).
Менің де әкем келер еді алпысқа,
Амал нешік, жоқ боп кетті тартыста.
Амал нешік, селдір сақал қарт ұста,
Ауылында жүрер еді балта ұстап (1,290).
2 . ауыс. Еркек адамның жасаған жасы д.м.
Қарамай сақалыңа , шалдығыңа,
Жарасып тұрушы еді, қалжыңым да.
Қарабайдай қатайып алыпсың ғой,
Ата, сен шыныменен алжыдың ба?! (2,97).
Бас білмейтін байғұсты еліктіріп,
Қолтығына су бүркіп, желіктіріп.
Амал қанша, ұялам сақалыңнан ,
Таспа алар ем жоныңнан керіп тұрып! (2,114).