lat: SAQI
ет. 1. Қақию, сіресу.
Қабағын қарс жауып, ылғи іштен тынып, сыздап отырады екен. Тегі, топас болумен бірге сексеуілдей сақиған, қатал болар (Қ.Сатыбалдин, Қараторғай).
Жер сақиып қатып қалыпты (А.Жұмаділдин, Қайырлы сапар).
Қар әбден сақия қатқан (Ө.Қанахин, Дәмелі).
2.ауыс. Ызғырығын сақтау, бірқалыпты аяз тұру.
Күннің әлпеті де жаман. Сақиып тұра береді. Бұ да жақсы ырым емес (Ж.Аймауытов, Шығ.).