lat: SAQTAÝ
Сақта етістігінің қимыл атауы.
Қыз жүрегін түсіне алмай, әрі-сәрі қиналдық.
Қиналдық та, төсқалтада кезек сақтауды ұйғардық (1,307).
Қабылданар қазынаны біз берген,
Қиындықты көрмесеңдер біз көрген.
Бұл өмірде сақтау үшін сендерді,
Бабаларың үйде туып, түзде өлген (3,243).