lat: SAQTA
ет. 1 . Бір нәрсені өзі тимей, өзгеге де тигізбей, ұзақ уақыт бойы сол қалпында ұстап отыру.
Ақпанда, алыс майданға
Аттанып бара жатқанда:
- Соғымға керді байлаңдар,
Ерімді бірақ сақтаңдар !
– Жасырып ішке қайғысын,
Осылай деген байғұсым (3,114).
Сен мына жанарымның ішіндесің,
Жанардың білесің ғой кішірмесін.
Ішіне жанарыңның сақта мені,
Біреулер көлеңкесін түсірмесін! (2,219).
2 . Бір нәрсені біреуден (жаман нәрседен) қорғау, қоршау.
Иә, Аллам! Адамдарға қас қылма,
Сорлы қылма көк аспанның астында.
Иә, Аллам! Жауыздықтан сақтай гөр,
Жамандыққа, жауыздыққа бастырма! (1,140).
Десек те жаңа өмір, жаңа заман,
Жақсы ғой бірін бірі бағалаған.
Түйсіксіз тайлақтардан сақта , құдай,
Тайраңдап алды-артына қарамаған (3,265).
3 . Бір нәрсені аман алып қалу.
Сақтап қалса, жарады,
Азаматтың тірлігін,
Сәби шақтың бірлігін (1,211).
Сен мен үшін өзіңді өзің сақтағын ,
Анаға ұсап бар пәледен, аппағым.
Қағам сені. Ұмытпағай кеудеңде,
Досқа аманат – дос жүрегі жатқанын (4,15).
От басын, ошақ қасын қалайда аман сақтағылары келеді (4,145).
4. Қалыптасқан жағдайды (әдет-ғұрыпты, мәдениетті т.б.) бұзбау, өзгертпеу; жоғалтпау.
Сен үшін күрестім, жатпадым.
Демеймін борышымды ақтадым.
Тек өзің әлемнің алдында
Абырой, даңқыңды сақтадың (1,124).
Тұғырында жем берді,
Тұтқын бірақ татпады.
Аш өлуді жөн көрді,
Қыран атын сақтады (1,222).
Қос өзен қосарланған – қос келіншек,
Жағаңда жан біткенді дос көрішу ек.
Атаның ғұрпын сақтап күйеусініп,
Кез келген кедейің де төс беруші ед (1,274).