САҚТАЛУ

lat: SAQTALÝ

Сақтал етістігінің қимыл атауы.

Азиялық (кіші Азия) муфлондар өте ірі келіп, бұлардың мүйіздері де үлкен болып, ішіне қарай иіліп, мойнына қарай қисая бітеді, ұрғашыларының мүйізі болмайды. Бұлардың өте жабайылары тұқым өзгешеліктеріне қарай Кипр аралында сақталуда келеді (Ш.Жанәбілев, Қаз. мал атау.).

Жиналған шикізатты сақтағанда оның түрі мен бойындағы пайдалы заттардың сақталуын қамтамасыз етуіміз керек (М.Қажымұратов, Пайдалы өсімдік.).

Әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар (ҚР Конституциясы).