lat: SAQTAL
ет. 1 . Бір заттың ұ зақ тұруы, бастапқы қалпын жоғалтпауы.
Бөз орамал қалтамызда арымыздай сақталды ,
Жау шегініп, жойқын жорық бітуге де шақ қалды (1,307).
Қынабына сап қойдым үмітпенен,
Оның несін жасырам бүгін сенен.
Саған, аға, сақталған бір сый бар-ау,
Назарына ешкімнің ілікпеген (1,210).
2 . Есінен шықпау, көңілден кетпеу, ұмытылмау.
Лебің ыстық – өз елім,
Биіктесің өмірімде.
Қоштасқанша көз жұмылып,
Сақталарсың көңілімде (1,66).
Қалсын, жүрсін өлгенше ойда бәрі:
Арша отымен қазанның қайнағаны,
Жылытып ішіп қымызды бақташының,
Ұйқылы-ояу әлдене ойлағаны,
Ақ қозымен сәбидің ойнағаны,
Өлгенімше сақталсын ойда бәрі (2,181).