САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ, САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІ

lat: SAQTANDYRÝ SHARTY, SAQTANDYRÝ POLISİ

Сақтанушы мен Сақтандырушы арасында құқықтық қатынастардың туындағанын растайтын және сақтандыру талаптарын айқындайтын құжаттар. Сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенедi.