САҚТАНДЫРУДАҒЫ АҚЫСЫ ТӨЛЕНБЕГЕН ШЫҒЫНДАРДЫҢ РЕЗЕРВІ

lat: SAQTANDYRÝDAǴY AQYSY TÓLENBEGEN SHYǴYNDARDYŃ REZERVİ

Ақысы төленбеген шығындар бойынша қаржылық міндеттерді атқару үшін сақтандырушының құрған арнайы қоры. Сақтандыру жағдайының туындаған күні және сол бойынша шығын ақысын төлеу күні арасында бірнеше жыл болып саналатын белгілі бір уақыт аралығы бар. Резерв көлемін бағалау орташа шығын базасында жүзеге асырылады. Белгілі бір мерзімнің орташа шығын сомасы (әдетте 5 жылда) есеп беру жылы пайда болған шығындар көлеміне көбейтіледі және пайда болған сомадан осы жылы төленген шығындар сомасы шегерілінеді. Мұндай резервтерді барлық сақтандыру компаниялары құрады. Кейбір елдердің сақтандыру компаниялары ережеге сай түскен пайданы азайту және салықты қысқарту мақсатында резервтерді көтереді.