САРАЛА

lat: SARALA

ет. 1. Жеке-даралап сұрыптау, таңдау, іріктеу.

Елден елді аралап,

Тектіден текті саралап,

Бегілердің қызын айттырсам,

Нұсқасын байқап, шамалап… (Ақтамберді жырау, Жыр.).

Саралап ат, айғырын мырза, байлар

Үргенішке сатушы еді жылда барып (Кердері Әбубәкір, Қазағым).

Шығыс жақты аралап,

Әлемнен қыз саралап,

Ақжелек саған кеп едім.

Ақжелек батыр ақылды

Ағайынды шақырды:

Алыстан аңсап келіпсің,

Ардақтап менің атымды (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Бұл көшірмелердің ерекшеліктеріне тоқталып жатқымыз келмейді, оны мәтінгерлер егжей-тегжейлі саралаған, бұл жұмыс әлі де жалғаса түссе керек-ті (Қаз. дала. ойшыл.).

2. ауыс. Елеп-екшеу, ой жүгірту, ақ-қарасын ажырату.

Отырып,

Толғанып,

Өткеннің саралап бәрін,

Қайда мұнша асығып бара жатқанын,

Сынай қарап және келер күндеріне дүрмекті

Бұл ел мықтап ойлануға міндетті (М.Шаханов, Ғасырлар.).