[лат. saturnus] зат.экол. Адамдардың қорғасынмен созылмалы улануы. Сатурнизм жүйке жүйесі тарапындағы өзгерістерден, бастың ауруынан, тез шаршағыштықтан, жүріс-тұрыстың бұзылуынан, жадтың нашарлауынан, сөздің, көру және есту функцияларының бұзылуынан, қан құрамының өзгеруінен, жүрек-қан тамыр жүйесінің кінәратынан және басқа нышандардан көрінеді (Қаз. тілі термин. Экология).