САТУШЫ

lat: SATÝSHY

зат. 1. Сауда орындарында зат сататын, соған маманданған адам; дүкенші.

Мұнда ол аудандық үлкен магазинге сатушы болып орналасты (Ә.Нұршайықов, Батыр.).

Келген тәуір затты ешкімге менің рұқсатымсыз берме деп сатушығаайтып та қойдым (Ә.Жылқышиев, Мешін.).

Оның сатушысы бір сырықтай ұзын, көзі шүңірейіп ішіне кіріп кеткен, арық қара кісі болатын (Ғ.Қайырбеков, Ақ желкен).

2. Бір нәрсені сатқан, сататын адам; саудагер.

Шөп сатушы жігіт жерде жатқан арқанға екі-үш айыр шөп тастап, осыны көтерсең де жарар дегендей, айырға сүйеніп тұрады (М.Дүзенов, Ақәже).

Арбаны қуып жеттім. Сатушы не боп қалды дегендей аң-таң (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.).

Мен әлгі базарда бадам сатушылар не деп жар салса, жарасар еді деп, соны ойлап отырмын (Қожанасыр хикаялары).

3. экон. Сауда-тауар қатынасында тауарды немесе қандай да бір қызмет түрін құнын төлеген жаққа өткізуші, соның меншігіне беруші жақ. Сатып алушы мен с а т у ш ы бағасы баға белгіленіміне немесе баға белгілеуге қатысты ұғым аз. тілі термин. Экономика).

4. ауыс. Сатқын болушы, сатқындық жасаушы.

Кеңес өкіметі өзіне балама ретінде шыққан Алаш Орданы ата жауы деп таныды. Алаш пен Алаш Орда ұлт мүддесін қорғаушы емес, оны сатушы деп дәлелдеу үшін неше түрлі айла-шарғылар жасады (М.Қозыбаев, Өркениет және ұлт).

5. жағымсыз. Алыпсатар, саудакеш.

Ақсаусақтар ұқсайтұғын сүлікке

Арқан тастап, Болады ие кү лікке.

Безбен ұстап тұрған адам

 Сатушы Көзбояушы бола алады циркке!

Түрлі тағдыр Түрлі тірлік талабы.

Теңселеді таразының табағы.

Қара тер боп түк таппайсың,

Кейбіреу Түк істемей сенен артық табады! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).