САЗ

lat: SAZ

зат. 1. Үн, әуез, ырғақ.

Төртінші әуездің түрлі орайын, шырайын, сазын, сайрамын келтіріп, құлаққа жағып, көңілді әсерлейтін ән салу, күй тарту өнері. Бұл әуез өнері болады (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Құшағыңа тартқан өзгеше күш, бар дүниені өзіне бағындырар орны бар, баяу да болса, басым саз (М.Әуезов, Шығ.).

Сәкен жазуын жазып болған үзіліс сәттерінде домбыра шертіп, баяу ғана даусымен әртүрлі ән сазын орындаушы еді (А.Сатаев, Ақын ізі).

// Мәнді, мағыналы, маңызды.

Аз сөйлеп, саз айтатын. Кейде балаша қуанып, мәз болып отырар еді (О.Бөкеев, Үркер).

2. ауыс. Жай, жағдай, күй.

“Заманға қарай саз керек” бұрын халыққа көрсетілмеген жол. Осылай айта тұрса да, осы жолдан айырылма деп Мұрат тағы анық айтпайды (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.).