lat: SAZDY
сын. Батпақты, миы шыққан.
Аяқ астынан жауын жауып, жерді сазды батпаққа айналдырды (М.Мырзақұлов, Ақық).
Қияға қаптап, құлдилап сазды ойына,
Ата- бабамның арғымағы да, қойы да
Тіс қадап жеген биіктің шөбі – бетеге,
Бақ болып дары бәйгі аттың бапты бойына (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).
Сазды тақтатастар.геол. Метаморфизм әсерінен сазды минералдары гидрослюдаларға, хлоритке т.б. қосылыстарға айналған шөгінді тау жынысы.
Сазды тақтатастар литогенез процесінің катагенез, метагенез сатыларында саздың жер қойнауына батып, жоғары қысым мен температураның әсерінен тығыздалып қайта кристалдануынан жаралады (ҚҰЭ).
Сазды таужыныстардың илемділігі. геол. Сазды таужыныстардың өзінің тұтастық қалпын үзбей, сыртқы күштің әсерінен пішінін өзгертіп, бұл әсер тоқтағаннан кейін пайда болған жаңа пішінді сақтап қалу қабілеті.
Сазды таужыныстардың илемділігі өзінің илемділік шегімен сипатталады: жоғарғы илемділік шегі – ылғалдылық (Қаз. тілі термин. Кен.).
Сазды шөгінділер. геол. Негізінен саз минералдарынан тұратын шөгінділер.