СЕ /652/

lat: SE /652/

есім. «Сені», «сенің», «сенен» сөздерінің түбірі; «сен» есімдігінің қысқартылып қолданылуы . Толықсыған тұла бойың шыбық па екен, тал ма екен, Бейнең сенің баяу атқан жазғы шұғыла таң ба екен? Күлкің сенің шашылған нұр, сөзің кәусар, бал ма екен, Бұл ғаламда сенен артқан, сірә, біреу бар ма екен!? (1,213). Мен сені сағынғанда, Қарамай жауындарға, дауылдарға, Қарсы қарап жүземін ағындарға. Кеуде қимылдаған жаным барда, Мен сені сағынғанда, Бір минут та қақым жоқ дамылдарға (3,127).